Мәлімет бойынша, учаскелік полиция инспекторларының анықтап жатқан есірткі қылмысы жыл сайын өсіп келеді. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «2007 жылдың басынан бері ішкі істер органдары 2383 есірткі қылмысын тіркеген, жалпы алғанда учаскелік полицейлер басқа қызметтермен бірлесе отырып 865 қылмыстың бетін ашты, оның 425-учаскелік полицейлердің үлесінде».
Полиция қызметкерлерінің ақпаратына қарағанда, осы аралықта учаскелік полицейлер 378 есіркті ұялары мен есірткі тарату нүктелерін тапқан, қазіргі кезде тиісті қызметтер оларды жоюмен айналысуда.
Сонымен қатар, учаскелік инспекторлар есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 617 әкімшілік заң бұзушылықты анықтаса, оның 475 қатысты материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. «Сот 375 материалды қарап, заң бұзушыларға жалпы көлемі 1 млн. 460 мың теңгеге айыппұл салынды»,-дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті