Уфадағы саммиттен ШЫҰ-ны кеңейту мәселесі бойынша саяси шешім күтілуде - Д.Мезенцев - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Уфадағы саммиттен ШЫҰ-ны кеңейту мәселесі бойынша саяси шешім күтілуде - Д.Мезенцев

Уфадағы саммиттен ШЫҰ-ны кеңейту мәселесі бойынша саяси шешім күтілуде - Д.Мезенцев

Осы жылғы 9-10 шілде күндері Ресейдің Уфа қаласында өтетін   Шанхай ынтымақтасық ұйымы мүше-мемлекеттері басшыларының саммитінде Ұйымды кеңейту мәселесі бойынша бірқатар саяси шешімдер қабылдануы мүмкін.

  • 11 Ақпан 2015
  • 554
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ШЫҰ баспасөз клубы ауқымында қытайлық «Жэньминьван» сайтының студиясында өткізілген кездесуде Ұйымның бас хатшысы Дмитрий Мезенцев айтты.

«Біз мемлекеттер басшылары Уфа қаласындағы саммит аясында Ұйымды кеңейтуге қатысты бірқатар шешімдер қабылдайды деп күтудеміз. Мен онда саяси шешімдер қабылдауға баса наззар аударылатынын айтқым келеді», — деді ол.

Оның айтуынша, 2014 жылғы желтоқсанда ШЫҰ Хатшылығында ресейлік тараптың бастамасымен алғаш рет Ұйымды кеңейту мәселелері бойынша отырыс өткізілді.

«Осы аптада жұма күніне дейін жұмыс топтарының, соның ішінде ШЫҰ Стратегиясын кеңейту және зерделеу жобасы жөнінде отырыстар өтеді, сондықтан біз жұма күні Сіздерге ШЫҰ үшін маңызды жаңа кезең — Ұйымды кеңейту мәселелері жөнінде айта аламыз», — деп атап көрсетті Д.Мезенцев.

 Ол Ұйымға толыққанды мүше мәртебесін алуға қазіргі кезде Үндістан, Иран және Пәкістан ресми өтінім бергенін еске салды. Сонымен қатар, Сирия, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Бангладеш байқаушылар мәртебесін алуға тырысуда.


 «Жақында ғана біз Мальдив Республикасының сыртқы істер министрінен дипалог бойынша әріптес мәртебесін беру жөніндегі өтініш алдық», деп атап өтті ол. Оның айтуынша, осындай хат Непал өкілдерінен де келіп түскен.

Д.Мезенцев 2013 жылы диалог бойынша әріптестік мәртебесіне Украина СІМ-інен өтініш келіп түскенін және 2014 жылы «ауызша қуатталғанын» хабарлады.

«Біз үшін ШЫҰ қызметіне назар аударған  бұл өтініштердің маңызы зор және қымбат. Бұл Ұйымның бедел жинап, өңірде ықпалы арта түскенін байқататын көрсеткіш», — деп түйді Д.Мезенцев.