Үйін жинап жатқан әйел авиациялық бомбаны тауып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үйін жинап жатқан әйел авиациялық бомбаны тауып алды

Үйін жинап жатқан әйел авиациялық бомбаны тауып алды

Ресейдегі Астрахан облысының тұрғыны үйін жинаған кезде авиациялық бомбаны тауып алды.

  • 13 Сәуiр 2016
  • 370
Фото - Caravan.kz

«Астрахан облысының Ахтубинский ауданында қуатты әуе бомбасы зиянсыздандырылды», — деп хабарлады «Интерфакс» агенттігіне Ресей ТЖМ Бас басқармасының аймақ бойынша баспасөз қызметінің басшысы Дмитрий Дубровский.

«Бүгін Верхний Баскунчак кентінен 5 шақырым жерде Екінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі немістің ФАБ-50 әуе бомбасы жойылды. 8 сәуір күні бомбаны Советская көшесіндегі үйде тұратын жергілікті әйел тауып алған. Пәтер жалдаушылары үйді босатқан соң оны жинауға кіріскен әйел бомбаға тап болды», — деді Дубровский, бомбаның салмағы 50 келіні құрағанын нақтылап.

 Алдын ала шамалау бойынша, бомбаны әйелдің пәтерін жалдаушылар тапқан. Олар мұны металл сынықтарын тапсыру орнына өткізбек болған.