Ұйым құрылған 10 жылдың ішінде ШЫҰ-ның мүшелері арасында өзара саяси түсіністік қалыптасты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұйым құрылған 10 жылдың ішінде ШЫҰ-ның мүшелері арасында өзара саяси түсіністік қалыптасты

Ұйым құрылған 10 жылдың ішінде ШЫҰ-ның мүшелері арасында өзара саяси түсіністік қалыптасты

Ұйым құрылған 10 жылдың ішінде ШЫҰ-ның мүшелері арасында өзара саяси түсіністік қалыптасып үлгерді. Бүгін елордада баспасөз мәслихаты кезінде ҚХР-дың Қазақстандағы Елшісі Чжоу Ли осылай деді.

  • 8 Маусым 2011
  • 420
Фото - Caravan.kz

«ШЫҰ өзінің 10 жыл ішінде атқарған істері, оның халықаралық аренада беделі бар, дамуды бетке алған аймақтағы сындарлы күшке айналғандығын айғақтайды. Біз ШЫҰ-ны бейбіт күш деп айтамыз, себебі Шанхай ынтымақтастық ұйымы шанхайлық рухты дәріптейді және халықаралық қатынастардың демократиялануын әлемнің көпполярлығын қолдайды, жаһандағы бірполярлыққа қарсы тұрады, сондай-ақ халықаралық қақтығыстарды бейбіт келісімдер мен сұхбаттар жолымен шешуді құптайды»,-дейді Елші.

«Ұйымның құрылған 10 жылы ішінде ШЫҰ-ның мүшелері арасында өзара саяси түсіністік қалыптасып үлгерді. Экономикалық ықпалдастық, қауіпсіздік, гуманитарлық салаларда әріптестік қарқынды дамып, ШЫҰ-ның сыртқы байланыстары жандануда», — деп атап өтті Ч. Ли.

15 маусым күні Астанада ШЫҰ-ның мерейтойлық Саммиті өтеді. Жиын Ұйымның құрылғанына он жыл толған тұсында ұйымдастырылып жатқандықтан, ол салтанатты маңызға ие болып отыр.

ШЫҰ-ның Астана Саммитінде саяси, экономикалық, гуманитарлық, қауіпсіздік салаларында талқылаулар өтіп, келесі онжылдықтың стратегиялық жоспары белгіленбек. Маңызды құжаттарға қол қойылып, ортақ мәлімдеме жасалады. Бұл құжаттарда ШЫҰ-ның онжылдық дамуы, оның аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтаудағы жұмысының нәтижелері көрсетіледі, сонымен қатар Ұйымның келесі онжылдықтағы негізгі қадамдары келісілмек.

Соңғы жаңалықтар