Ұйымдасқан қылмыстық топқа көмектесіп келген тағы бір кеденші құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұйымдасқан қылмыстық топқа көмектесіп келген тағы бір кеденші құрықталды

Ұйымдасқан қылмыстық топқа көмектесіп келген тағы бір кеденші құрықталды

Қаржы полициясы контрабандамен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа көмек жасаған тағы бір кеден қызметкерін анықтады. Бұл туралы ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланд

  • 18 Желтоқсан 2013
  • 325
Фото - Caravan.kz

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті мұнай ұрлаумен және контрабандамен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа көмек жасаған Ақтөбе облысы Кедендік бақылау департаментінің «Энергетикалық» кеден бекетінің бас маманы Қонаевты қамауға алғандығы туралы хабарлаған болатын. Ол ағымдағы жылдың мамыр айында, қылмыстық топ мүддесіне жұмыс істей келе, зертханаға зерттеуге мұнай үлгілерінің орнына мазутты жіберіп, мұнайдың мазут түрінде контрабандалық жолмен кетуіне «жәрдемші» болған. Осы әрекеті үшін 1200 доллар заңсыз сыйақы да алған.


Ал ағымдағы жылғы 29 қарашада Ақтөбе облысы Кедендік бақылау департаментінің «Энергетикалық» кеден бекетінің бас маманы Тілеуовке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол да 2013 жылғы маусым айында зертханаға зерттеуге мұнай үлгілерінің орнына мазутты жіберіп, сол үшін 1200 АҚШ доллары түрінде ақшалай қаражат алды деп күдіктенуде. Қылмыстық іс тергелуде.