Жарияланды: 420

Ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы «Әулие Талғат» шет елде ұсталды

«Қорғас» және “Қалжат” кеден бекеттеріне бақылау жүргізіп келген ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы шет елде ұсталды. Оның есімі - Талғат Қайырбаев; лақап аты «Әулие Талғат» деседі.

Еліміздің Қаржы полициясының берген тапсырысы бойынша, оны Интерпол Біріккен Араб Әмірлігінде қолға түсірген. Естеріңізде болса, осыдан бірер ай бұрын «Қорғас» және “Қалжат” кеден бекеттерінде тауарларды контрабандалық жолмен өткізіп отырған ұйымдасқан қылмыстық топтың істері әшкере болған. Сол аймаққа қарасты бірқатар кеден басшылары қамауға алынып, қалғандары шетел асып, бой тасалап үлгерген болатын. Ал Талғат Қайырбаевты осы кеден бекетінде бандалық топ құрып және оны өзі басқарып келгені үшін айыптап отыр. Қазір Қаржы полициясы Бас прокуратура арқылы Қайырбаевты елге қайтарудың амалын қарастыруда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть