Жарияланды: 550

Үкімет 2003-жылға арналған Республикалық бюджеттің жаңа көрсеткіштерін ұсынды.

Бүгін , 30-мымырда өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов 2003-жылға арналған Республикалық бюджетттің жаңа көрсеткіштерін ортаға салды. Онда үкімет басшысы Иманғали Тасмағанбетов ұсынған Жамбылдағы зілзаланың зардабын жоюға қаржы бөлу туралы ұсынысы ескерілген. Бұл туралы KZ-today тілшісі Астанадан хабарлады.

Қайрат Келімбетовтің айтуынша, Республикалық бюджеттің кіріс бөлігі бұрын ұсынылғандай 704,3 млрд. емес 710,2 млрд. теңге болып бекітілді. Ал бюджеттің шығыс бөлігі бұрынғы жобаланған 787 млрд-тың орнына 793 миллиард теңгені құрайтын болады. Соған қарамастан Республикалық бюджеттің дефицит көлемі 82,8 млрд теңге қалпында өзгеріссіз қалады,- деді Қ.Келімбетов . Ол сондай-ақ, республикалық бюджеттің шығыс бөлігінен 19,4 млрд. теңге зейнетақы бағдарламасын, ал 45,7 млрд. теңге даму институттарын құруға жұмсалатынын атап көрсетті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть