Үкімет алдағы үш жылда серпінді жобаларды қаржыландыруға бюджеттен 700 млрд астам теңге бөлуді жоспарлауда - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет алдағы үш жылда серпінді жобаларды қаржыландыруға бюджеттен 700 млрд астам теңге бөлуді жоспарлауда

Үкімет алдағы үш жылда серпінді жобаларды қаржыландыруға бюджеттен 700 млрд астам теңге бөлуді жоспарлауда

Астана. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет алдағы үш жылда серпінді жобаларды қаржыландыруға бюджеттен 700 млрд астам теңге бөлуді жоспарлауда. Бұл туралы еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 4 Тамыз 2008
  • 381
Фото - Caravan.kz

«2008 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджетте мемлекет тарапынан үлес ретінде 6 серпінді жобаны қаржыландыруға 64,6 млрд теңге қарастырылған.Мемлекет тарапынан қаржыландыруды талап ететін жобалар бойынша 700 млрд астам теңге әкімшілердің ұсынысымен жобасы жасаллып жатқан үш жылдық бюджетке қамтылды», — деді Б. Сұлтанов.

Сонымен бірге, Қазақстан даму банкі 8 серпінді жоба бойынша несиелік желі ашса, Еуразиялық даму банкі бір серпінді жоба бойынша несиелік желі ашты, үш жобаға $365 млн көлемінде мемлекеттік кепілдік берілді.

«Жалпы құны $13,1 млрд болатын 11 жоба ұлттық компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылуда».

Жалпы 26 жоба нақты жүзеге асырылу үстінде. Биыл жалпы құны $1,4 млрд асатын 6 жобаны пайдалануға беру, ал 2009 жылы — жалпы құны $1,8 млрд құрайтын 4 жобаны пайдалануға беру жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті