Үкімет бала асырап алғандарға жәрдемақы төлемек - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет бала асырап  алғандарға жәрдемақы төлемек

Үкімет бала асырап алғандарға жәрдемақы төлемек

Жетімді жебегендерге мемлекет ақша береді! Үкімет келер жылдан бастап бала асырап алған ата-аналарға бір реттік жәрдемақы төлемек. Оның көлемі 150 мың теңге болып белгіленді.

  • 4 Қараша 2014
  • 198
Фото - Caravan.kz

Жетім ұл-қызды асырап алған отбасы, баладан бас тартқан жағдайда, мемлекет төлеген жәрдемақыны толықтай қайтаруы тиіс. Сондықтан мұндай келеңсіз жағдайға тап болмасы үшін жеткіншекті өсіріп жеткізуге міндетті. Білім министрлігінің мәліметінше, соңғы 5 жылда балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің саны күрт азайған. Қазіргі таңда 10 мыңның шамасында. Оның үстіне, мемлекет әр балаға айы сайын 18 мың теңгеден бөліп отыр. Осы кезге дейін патронаттық ата-аналар айына 35 мың теңге алып келді. Тек асырап алушыларға соқыр тиын да төленбейтін. Енді бұл олқылық қаңтар айынан бастап жойылуы тиіс.


Зәбира Оразәлиева,БҒМ балаларды қорғау Комитетінің төрайымы:

-Жәрдемақы төлеудің ержелері бекітілді. Оны алу үшін жетім баланы асырап алушы Қазақстан аумағында тұруы тиіс. Бір айта кетерлігі жәрдемақы тек жаңа ата-аналарға беріледі. Бұған дейін асырап алғандарға берілмейді.