Үкімет басшысы Астанада "Электронды Қазақстан" көрме-форумын ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы Астанада  "Электронды Қазақстан" көрме-форумын ашты

Үкімет басшысы Астанада "Электронды Қазақстан" көрме-форумын ашты

Астана. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Астанада бүгін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың "Электронды Қазақстан" атты ІІ халықаралық көрме-форумын ашты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 2 Сәуiр 2008
  • 599
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қоғам алдына әлемдегі бәсекелестікке барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу жөнінде нақты мақсат қойды. Электронды Қазақстанды дамыту ілгерілей дамудың маңызды бір құрамды бөлігі болмақ», — деді Кәрім Мәсімов көрменің ашылуында.

«Іс жүзінде біздің жақсы немесе нашар жұмыс істеп жатқанымызды тұтынушы бағалайды, ал тұтынушы үшін қызмет көрсетілуі маңызды, соның ішінде мемлекеттің электронды қызметінің дер кезінде әрі сапалы көрсетілуінің маңызы зор. Біздің алған бағдарымыз дұрыс деп ойлаймын, бүгінгі конференция соған бір дәлел», — деді үкімет басшысы.

Көрмені ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі мен «Астана-Экспо КС» компаниясы ұйымдастырып отыр. Көрмеге IT-технологиялар, байланыс және коммуникациялар саласындағы әлемдік және отандық жетекші 50 компания, қаржылық институттар, консалтингтік және оқытушы құрылымдардың өнімдері қойылған.

Форум-көрме аясында, ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, «Электронды үкіметті» құру мен дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру қорытындылары, соның ішінде «Е-үкімет» порталының мүмкіндіктері таныстырылады. Сондай-ақ, семинарлар, мастер-кластар мен тұсаукесерлер қамтылған ауқымды іскерлік бағдарлама жоспарланған. Көрме аясында бұған қоса дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, олардың шеңберінде Интернет желісінің Қазақстандық сегментін дамыту, республикада телекоммуникацияларды дамыту перспективалары талқыланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті