Жарияланды: 540

Үкімет басшысы ауылдарды телефонмен қамтамасыз етуді жеделдетуді тапсырды

Астана. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қазақстанның ауылдық елдімекендерін телефонмен қамтамасыз ету жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Астана қалалық қазынашылық департаментінде өткен кеңесте осындай тапсырма берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Таяуда ғана біз жергілікті өзін -өзі басқару туралы заң жобасын қарау барысында ауылдық елдімекендерді телефонмен қамтамасыз етпейінше бұл заңның толыққанды жұмыс істей алмайтындығына көзімізді жеткіздік", - деді Кәрім Мәсімов. Ол осы орайда "осынау қажетті әрі аса маңызды заңсыз қоғамның толыққанды дами алмайтынын" атап өтті. "Сол себепті заң жан-жақты жұмыс істеуі үшін біз барлық техникалық тауқыметтерді шешуге тиіспіз",- деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть