Үкімет басшысы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне 2007-жылдың І жартысында қаржы толық игерілмеген жағдайда қатаң жаза жүктелетіндігін ескертті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне 2007-жылдың І жартысында қаржы толық игерілмеген жағдайда қатаң жаза жүктелетіндігін ескертті

Үкімет басшысы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне 2007-жылдың І жартысында қаржы толық игерілмеген жағдайда қатаң жаза жүктелетіндігін ескертті

АСТАНА. 14-мамыр. Kazakhstan Today. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін өткен кеңесте бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне 2007-жылдың І жартысында қаржы толық игерілмеген жағдайда қатаң жаза жүктелетіндігін ескертті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 14 Мамыр 2007
  • 441
Фото - Caravan.kz

«2007-жылдың І жартысының қорытындысы бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне қаржы толық игерілмеген жағдайда қатаң жаза жүктелетін болады. Ондай жағдайда біз қатаң шара қолданатын боламыз. Кімнің не себепті қаржыны пайдаланбағанына қарамаймыз. Жылдың жартысының қорытындысы бойынша жаза қатаң болатындығын ескертемін»,- деді К.Мәсімов.

«Әлі де уақыт бар. Сол себепті жіті назар аударып, өз бюджеттеріңізді келешекке дұрыс бөліңіздер»,- деді ол. Үкімет басшысы сонымен қатар экономика және бюджетті жоспарлау министрі Аслан Мусиннің назарын «2008-жылға арналған бюджеттік сұранымдарды тыңдаған кезде мемлекет басшысы алға қойған мақсаттарды қаржыландыру жайына көңіл бөлу қажеттігіне» аударды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті