Үкімет басшысы Францияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Астана. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін үкімет үйінде Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ален Куанонмен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Кездесуде сауда- экономикалық және ғарыш салалары бойынша қазақстан-француз екі жақты қарым- қатынастарды дамыту жайы талқыланды.
Тараптар екі жақты жобаларды іске асырудың сәттілігіне және қазақстан- француз байланыстарының әрі қарайғы дамуына сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін