Жарияланды: 540

Үкімет басшысы К. Мәсімов хиджаб киюге қатысты өз көзқарасын білдірді

Билік хиджаб киюге тыйым салу қадамдарына бармауы тиіс. Бұл туралы бүгін бейне-онлайн конференция барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті.

Үкімет басшысы Zakon.kz порталында тікелей эфир арқылы онлайн-конференция өткізуде. «Хиджаб - Қазақстанда ғана емес, барлық мемлекеттерде саясиландырылып кеткен. Мен жақында Франция елінде болғанымда, бұл мәселе ең жоғары деңгейге қойылған»,- дейді Үкімет басшысы. «Жақында мемлекет басшысы аталмыш мәселеге орай өз пікірін айтты. Енді мен өзімнің ойымды жеткізейін: өз пікірін білдіру арқылы Президент өте дұрыс істеді деп есептеймін, өйткені қазақтарда тарихи салт бойынша өзіндік бас киім формалары қалыптасқан», - деді Үкімет басшысы. «Мен билік хиджаб киюге тыйым салу қадамдарына бармауы тиіс деп есептеймін. Біз оны Қазақстанда заңдық тұрғыда тыйым салмаймыз», - деді ол. Оның айтуынша, кез келген адамның діни сеніміне сыйластықпен қарауымыз керек. Басқа қырынан алып қарағанда, оның ойынша, шынайы сенімге ешбір қатысы жоқ экстремалды формаларға қатаң қараумыз қажет және Үкімет пен мемлекет оларға қатысты тиісті саясат жүргізуі тиіс.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін