Үкімет басшысы Мәдениет және ақпарат вице-министрі А. Қырықбаевқа сөгіс жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы Мәдениет және ақпарат вице-министрі А. Қырықбаевқа сөгіс жариялады

Үкімет басшысы Мәдениет және ақпарат вице-министрі А. Қырықбаевқа сөгіс жариялады

«Біздің әрекеттеріміздің барлығы ашық болуы және БАҚ арқылы жұртшылыққа жетіп жатуы керек. Бұндай проблемаларды бүркемелеудің қажеті ?

  • 5 Қараша 2013
  • 379
Фото - Caravan.kz

«Біздің әрекеттеріміздің барлығы ашық болуы және БАҚ арқылы жұртшылыққа жетіп жатуы керек. Бұндай проблемаларды бүркемелеудің қажеті жоқ. Бұл жұмыс жүйелі, тұрақты әрі ашық болуы шарт. Елбасы мемлекеттік органдар мен Үкімет жұмысының БАҚ-ғы көрсетіліміне қанағаттанған емес. Сондықтан да, мәдениет және ақпарат министрлігі белсенді бола түсуі керек. Біз өз жұмыстарымызбен айналысып жатырмыз, ал бұл ведомствоның жоспарлы жұмысы көрінбей келеді, әсіресе соңғы уақыттары», — деді С. Ахметов.


Еске сала кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 11 қазандағы Ақордада өткен кеңесте берген тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланған болатын.