Үкімет басшысының орынбасары Б.Сапарбаев жұмыс сапарымен БҚО-ға келмек - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысының орынбасары Б.Сапарбаев жұмыс сапарымен БҚО-ға келмек

Үкімет басшысының орынбасары Б.Сапарбаев жұмыс сапарымен БҚО-ға келмек

 Бүгін таңертең Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келмек.

  • 12 Желтоқсан 2014
  • 334
Фото - Caravan.kz

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, вице-премьер алдымен Қарашығанақ газмұнайконденсаты кенішіне ат басын тіремек. Содан кейін Березов орта мектебі педагогикалық ұжымы және ата-аналармен кездеседі.

Б.М.Сапарбаев Орал қаласында сапарын жалғастырып, гемодиализ орталығында, «Ғибадат» ЖШС ұлттық жиһаз цехында, Зачаган кентіндегі №10 орта мектеп пен жуырда ашылған «Заңғар» балабақшасында болмақ. Сондай-ақ 1200 орындық жаңа мектеп құрылысымен, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті балық шаруашылығы ғылыми зертханасы мен политехникалық колледж жұмысымен таныспақ.

Сапар соңында өңірдің әлеуметтік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес болмақ.