Марапаттау салтанаты Индустрияландыру картасының инвестициялық жобаларын таныстыруға арналған жалпыұлттық телекөпір барысында өтті.
«Өндірістік тұрғыдағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша "Компания Нефтехим LTD" (Павлодар облысы) ЖШС марапатталды.
«Қызмет көрсетуші үздік кәсіпорын» номинациясында "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ (Астана) марапатқа ие болды.
"Химфарм" ЖШС (Оңтүстік Қазақстан облысы) «Халыққа арналған тауар шығарушы үздік кәсіпорын» номинациясында жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар, С.Ахметов бірнеше компанияға бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Парыз» сыйлығын табыс етті.
Бұл сыйлықтың иегері атанғандар: "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы" — АО "Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ, "Үздік ұжымдық келісімшарт" — "Зенит» Орал зауыты" АҚ, "Үздік әлеуметтік жауапкершілікті кісіпорын" -"KEGOC" АҚ, "Экологияға қосқан үлесі үшін" — "СевКазЭнерго" АҚ.