Үкімет бейсенбі күні ұлттық құраманың Сочи олимпиадасына дайындық деңгейін талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет бейсенбі күні ұлттық құраманың Сочи олимпиадасына дайындық деңгейін талқылайды

Үкімет бейсенбі күні ұлттық құраманың Сочи олимпиадасына дайындық деңгейін талқылайды

Бейсенбі күні үкіметтің кезекті отырысында қазақстандық спортшылардың Сочидегі Олимпиада ойындарына дайындық мәселелері талқыланады. Бұл туралы президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбиболлаев мәлім етті.

  • 3 Желтоқсан 2013
  • 314
Фото - Caravan.kz


«Үкіметтің 5-желтоқсандағы отырысында премьер-министр мен үкімет мүшелері Спорт істері және дене шынықтыру агенттігі төрағасы Арыстанбек Есентаевтың баяндамасын тыңдайды. Ол ұлттық құраманың Сочиде өтетін қысқы олимпиада ойындарына дайындығы жайлы есеп береді», — деді ол сейсенбідегі брифингте.