Үкімет экономика мен бизнесті қаржыландыруға банктерге тағы 3 млрд доллар бөледі - Назарбаев
Астана. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет экономика мен бизнесті қаржыландыруға банктерге тағы 3 млрд доллар бөледі. Бұл туралы президент бүгін Астанада ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Біз бүгін принциптік келісімге келдік, "Самұрық - Қазына" ірі төрт банкке қосымша капитал бөледі, мемлекет олардың акцияларының 25%-ын $1 млрд ақшаға сатып алады", - деді Н. Назарбаев.
"Тағы 3 млрд доллар экономика мен бизнесті қаржыландыруға басқа құралдар арқылы беріледі. Үкімет сіздермен бірлесіп банк жүйесін тағы да қандай жолдармен қолдау керек екендігін дәйектейді", - деді президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін