Жарияланды: 440

Үкімет Экономикалық даму және сауда министрлігі әзірлеген Елбасы тапсырмасын жүзеге асырудың көрнекті картасын бекітті

Үкімет Экономикалық даму және сауда министрлігі әзірлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын жүзеге асырудың көрнекті картасын бекітті.

Бүгін Үкіметтік селекторлық форматтағы отырысы барысында министрліктер мен ведомстволардың ескертпелері мен ұсыныстары ескеріліп, түзілген нұсқаны таныстырған Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетовтің атап өтуінше, карта 7 негізгі бағыттан, атап айтқанда азық-түлік қауіпсіздігі, азаматтарға қызмет көрсету, халықаралық ынтымақтастық және интеграция, әртараптандыруды жеделдету, дағдарыстан кейінгі даму мәселелері, болашаққа инвестиция, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту сынды бағыттардан тұрады. «Біз Сіздің тапсырмаңызға сәйкес Картаны Үкіметтің сайтына орналастырып, онда министрліктер мен ведомстволардан барлық ескертпелер мен ұсыныстарды алдық», - деді Қ. Келімбетов Премьер-Министр Кәрім Мәсімовке қаратып айтқан сөзінде. Министрдің атап өтуінше, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ұсынысы бойынша «Қорғас» арнайы экономикалық аймағы мен «Ақтау» теңіз айлағын дамыту мәселелері Көлік және коммуникация министрлігіне, инновация мәселері бойынша заңнамалық өзгерістер түйткілдері Экономикалық даму және сауда министрлігіне, сонымен қатар тағы да бірқатар мәселер Білім және ғылым министрлігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне бекітілген. «Бүгін Сіздердің қарауларыңызға соңғы нұсқа ұсынылып отыр. Әрбір бағытқа жауапты ретінде Премьер-Министрдің орынбасарлары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары анықталды», - деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть