«Қазақстан үкіметі Қашаған кенішіндегі өнімді бөлу туралы Солтүстік Каспий консорциумына қатысушы батыс инвесторларымен келіссөздерді біздің ел үшін пайдалы шарттардың қабылдануымен табысты аяқтады», деді үкімет басшысы.
Осы орайда К.Мәсімов таяуда ғана Қашаған жобасына қатысушы барлық тараптар мен қосымша келісімге қол қойылғандығына тоқталып өтті.
«Сырттан болған теңдессіз лоббистік қысымдарға қарамастан, билік қолданыстағы заңнамалардың және халықаралық стандарттардың аясында қала отырып, елдің ұлттық мүддесін қамтамасыз етті,- деді премьер-министр.
«Үкімет бұдан былай да экономиканың шикізаттық секторындағы ұлттық мүдделерді қорғау саясатын қатаң жүргізе бере болатын болады»,- деді ол.
Үкімет басшысы бұл қатарда «Богатырь Аксес көмір», «Маңғыстау мұнайгаз» бойынша жүргізіліп жатқан келіссөздерді, сондай-ақ еліміздің аумағында орналасқан 3 мұнай өңдеуші зауытты мемлекеттің бақылауына қайтару жөніндегі өткізілген келіссөздерді қарастыру қажеттігін айтты.
«Қазақстан келісім-шараттардың тұрақтылығын ұстанып отыр және болашақта да ұстана береді. Алайда тең жағдайда барлық тараптар да сақтауы тиіс. Осы позицияны ұстана отырып біз шикізаттық секторда мемлекеттің қатысуынан үлкен пайда табамыз», — деді премьер-министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті