«Біз банктерге өз міндеттемелері бойынша берешектерін қайтаруы үшін көмектесіп отырған жоқпыз», — деп мәлімдеді үкімет басшысы.
«Банктер қазір экономикаға несие бөлуді, қүрылыс секторын несиелендіруді, шағын және орта кәсіпорындарды несиелендіруді доғарды. Біздің мақсат — экономиканың даму қарқынын бәсеңдетпеу үшін аталған салаға қолұшын созу», — деді Кәрім Мәсімов.
Үкімет басшысының пікірінше, банктер «өз күшімен проблеманы шеше алады. Олар біршама қуатты».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті