Үкімет комиссиясы Қордай оқиғасынан қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет комиссиясы Қордай оқиғасынан қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды

Үкімет комиссиясы Қордай оқиғасынан қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды

Үкімет комиссиясы Әлжан апа ауылында Қордай ауданында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды.

  • 10 Ақпан 2020
  • 327
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы primeminister.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов ел басшылығының атынан оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қолдау білдірді. Бердібек Сапарбаев Дарханның қаза табуына кінәлілер анықталып, заң бойынша жазаланатынына сендірді.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан марқұмның отбасы мүшелеріне көңіл айтамыз. Берік болыңыздар. Отбасы үшін осы қиын күндерде берік болу керек. Біз кінәлілерді анықтаймыз, олар заң бойынша жазаланады», — деді ол.


Сонымен қатар, вице-премьер қаза тапқан азаматтың отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілетінін, барлық қажетті көмектің берілетінін жеткізді.

 

Соңғы жаңалықтар