Үкімет мемлекеттік қаржыны жоғары деңгейде тиімді басқаруға қолайлы жағдайлар жасамақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет мемлекеттік қаржыны жоғары деңгейде тиімді басқаруға қолайлы жағдайлар жасамақшы

Үкімет мемлекеттік қаржыны жоғары деңгейде тиімді басқаруға қолайлы жағдайлар жасамақшы

Астана. 4-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет мемлекеттік қаржыны жоғары деңгейде тиімді басқаруға қолайлы жағдайлар жасамақшы. Бұл туралы ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов үкіметтің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 4 Желтоқсан 2007
  • 557
Фото - Caravan.kz

Үкіметтің отырысында Б. Сұлтанов түпкілікті нәтижеге бағышталған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу тұжырымдамасының жобасын таныстырды.

«Түпкілікті нәтижеге бағышталған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізудегі мақсат — мемлекеттік саясаттың басымдықтарына сәйкес, мемлекеттік қаржыны жоғары деңгейде тиімді басқару үшін қызмет көрсету болып табылады», — деді ол.

Экономика және бюджетті жоспарлау министрінің айтуынша, тұжырымдаманың мақсаты «мемлекеттік органдардың шешім қабылдау мен оларды орындаудағы дербестігін көтеруге бағытталған бағдарламалық құжаттар мен жоспарлардың жобасын жасау мен олардың мазмұнына қатысты жаңаша көзқарастар қарастырылған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тетіктерін жасап қолданысқа енгізу, сондай-ақ, көрсетілген қызмет үшін жауапкершілікті күшейту мен мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуге саяды».

Сонымен бірге, түпкілікті нәтижеге бағытталған бюджеттік жоспарлау «мемлектетік жоспарлаудың логикалық вертикалін жасауға тиіс : елімізді дамытудың стратегиялық мақсаттары — нақты мақсат-міндеттер- индикатор — бюджеттік ресурстар».

«Түпкілікті нәтижеге бағытталған бюджеттік жоспарлау бағдарламалық құжаттарды жасап жүзеге асыру мен бюджет қаржысын пайдалану жөніндегі мемлекеттік органдардың іс-қызметін қоғам тарапынан бақылау мен ашықтықты қамтамасыз етуге тиіс», — деді министр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті