Үкімет мұнай операторларының үстінен миллиардтаған долларға талап-арыз түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет мұнай операторларының үстінен миллиардтаған долларға талап-арыз түсірді

Үкімет мұнай операторларының үстінен миллиардтаған долларға талап-арыз түсірді

Қазақстан үкіметі елдің ірі мұнай кен орындары – Қарашығанақ пен Қашағанды игеретін операторлардың үстінен талап-арыз түсірді.

  • 11 Сәуiр 2023
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik.kz.

"Үкіметтің өкілетті органы – PSA компаниясы Қарашығанақ пен Қашаған компанияларының үстінен халықаралық арбитражға талап-арыз түсірді. Өкінішке қарай, мен мән-жайды жария ете алмаймын. Бір ғана айтарым, талап-арыз Қазақстан халқының мүддесі үшін берілді", — деді Сәтқалиев үкімет кулуарында.

Айтуынша, талап-арыз сомасы 3,5 және 13 млрд АҚШ долларын құрайды.

Бұған дейін Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап, Қазақстандағы екі кен орнын игеріп жатқан компаниялар арбитраж сотында ел үкіметінен талап-арыз алғанын хабарлаған еді. Компанияларға санкцияланбаған шығындармен байланысты айып тағылған.


Қазақстан үкіметі жоба серіктестері Қашаған бойынша 13 млрд доллар, ал Қарашығанақ бойынша 3,5 млрд доллар мөлшеріндегі шығындарды шегермеуі керек деп санайды.

Соңғы жаңалықтар