Бүгін сағат 10.00-де Үкімет отырысында сатып алу саласындағы шаралар мен денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай жоспары қаралады, деп хабарлайды BNews.kz.
Күн тәртібінде – сатып алу саласында қабылданып жатқан шаралар және денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бірыңғай перспективалық жоспар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын BNews.kz-тен қараңыздар.
Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығының алаңында ҚР Қаржы министрлігі мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.