Үкімет отырысында энергия үнемдеу мәселесі талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет отырысында энергия үнемдеу мәселесі талқыланады

Үкімет отырысында энергия үнемдеу мәселесі талқыланады

Осы аптада дәстүрлі Үкімет отырысында энергия үнемдеу мәселесі талқыланады. Бұл туралы бүгін Астанадағы дәстүрлі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

  • 26 Тамыз 2013
  • 400
Фото - Caravan.kz

«Ертең ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өтетін дәстүрлі Үкімет отырысында «Энергия үнемдеу — 2020» бағдарламасының орындалу барысы қаралады»,-деді ресми өкіл.

Осыған орай ол Қазақстанда Жасыл экономиканы дамытудың мемлекеттік тұжырымдамасы қабылданғанын еске салып өтті.

Айта кетейік, бүгінде елімізде энергия үнемдеу саласына ерекше назар аударылуда. Бұл тұрғыда 2017 жылы өтетін «ЭКСПО» көрмесінің де тақырыбы энергия үнемдеуге негізделген.


Бұдан бөлек 28 тамызда С. Ахметов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізеді деп күтілуде.