Үкімет отырысында Қазақстанның ДСҰ-ға кіру аспектілері талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет отырысында Қазақстанның ДСҰ-ға кіру аспектілері талқыланды

Үкімет отырысында Қазақстанның ДСҰ-ға кіру аспектілері талқыланды

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкімет отырысын өткізді, онда Қазақстанның ДСҰ-ға кіру аспектілері қаралды, деп жазады primeminister.kz.

  • 1 Шiлде 2015
  • 323
Фото - Caravan.kz

Экономикалық интеграция істері министрі Жанар Айтжанова: «22 маусымда Женевада жұмыс тобының ақырғы отырысы өтті, оның қорытындысы бойынша Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелігі шарттарын анықтау бойынша келіссөздерді аяқтау туралы ресми жарияланды», — деп мәлімдеді.

Министрдің мәліметінше, келіссөздер төрт бағыт бойынша жүргізілді. Олар — ауыл шаруашылығын қолдау, жүйелік мәселелер, қызмет көрсету және тауарлар нарықтарына қолжетімділік.

«Соңғы 5 жыл бойы жалғасқан келіссөздер нәтижесінде Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы құнының 8,5% көлемінде ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету мүмкіндігін сақтап қалды. Ал, негізі ДСҰ елдері үшін стандартты мөлшерлеме 5 %-ды құрайды», — деп баса айтты Ж.Айтжанова.

Аталған қолдау Үкіметке «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жыл сайын АӨК-ке көмек көрсетуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді. «АӨК жалпы өнімінің болашақта өсуі кезінде сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік дотацияның көлемі артады», — деп толықтырды Ж.Айтжанова.

Министр сондай-ақ, тауарларға кедендік әкімшілік ету аспектілері, ДСҰ мен ЕАЭО талаптарын үйлестіру, экономикалық қызметтің түрлі салаларындағы өтпелі кезеңдердің шарттары туралы баяндады.


Отырыста сондай-ақ, орталық мемлекеттік органдар басшылары сөз сөйледі, олар салалық нормативтерді ДСҰ талаптарына сәйкес келтіру, заңнамалық базаны қалыптастыру бойынша шаралар туралы мәлімдеді.

Талқылау қорытындысы бойынша премьер-министр мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.