Жарияланды: 530

Үкімет қаулысымен министрлік және мекеме басшыларының орынбасарлары тағайындалды

ҚР үкіметінің қаулысымен республикалық министрлік және мекеме басшыларының орынбасарлары тағайындалды ,- деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметінен.

Атап айтсақ, Нарбота Данаев пен Берікқазы Серкебаев Мемлекеттік материалдық қор жөніндегі Агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Александр Сизов Жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттік төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Амангелді Жанпеисов пен Каналбек Райымбеков Жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттік төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды. Мұхит Ізбанов Көші-қон және демография жөніндегі Агенттік төрайымының орынбасары болып бекітілді. Юрий Шокаманов - ҚР статистика жөніндегі Агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, ал Сансызбай Жолдасбаев пен Бауыржан Тортаев осы Агенттік төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды. Бақытбек Тәжібай - ҚР туризм және спорт жөніндегі Агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, Ильсияр Қанағатов пен Евгений Никитинский аталмыш Агенттік төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды. Нұрахмет Бижанов- ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, Мұрат Мұсабаев пен Валерий Петров - аталмыш Агенттік төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды. Ерлан Арын инвестиция жөніндегі Комитет төрағасы, Владимир Мясников - шағын бизнесті қолдау жөніндегі Комитет төрағасы, Болат Смағұлов - ҚР индустрия және сауда министрлігінің сауда Комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть