Үкімет Қазақстандағы ипотекалық несиелендіру жүйесін қолдауға бағытталған бағдарламаның жобасын жасады - Кәрім Мәсімов
Астана. 18 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет Қазақстандағы ипотекалық несиелендіру жүйесін қолдауға бағытталған бағдарламаның жобасын жасады. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін өткен үкіметтің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
Оның айтуынша, ипотекалық несиелендіру жүйесін қолдауға бағытталған бағдарлама үкіметтің жалпы тұрақтандыру бағдарламасына қамтылады. "Біз ипотекалық несиелендіру бағдарламасын банктермен бірлесе жүзеге асырамыз, онсыз жасау мүмкін емес", - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін