Жарияланды: 430

Үкімет шетелден көлік ала алмаған азаматтарға көмектесіп көреді

Біз сан алуан себептерге байланысты шетелден өз көліктерін шілденің 1-іне дейін ала алмаған қазақстандық азаматтарға көмектесіп көреміз.

Бүгін бейне он-лайн конференция барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай айтты. Үкімет басшысы осы мәселеге байланысты тиісті тапсырма беретіндігін жеткізді. «Мен сан алуан себептерге байланысты шетелден өз көліктерін шілденің 1-іне дейін ала алмаған қазақстандық азаматтарға көмек беру бойынша тиісті тапсырма беремін. Егер заң аясында ондай көмек мүмкін болатын болса, біз барынша қамқорлық жасаймыз. Ал заңға қайшы болса, азаматтар айып етпейді деп ойлаймын», - деп атап көрсетті К.Мәсімов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін