Жарияланды: 450

Үкімет техникалық мамандарды дайындау мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен бизнес-құрылымдардың ықпалдастығын орнатудың тиімді формасын дәйектеуі қажет - Назарбаев

Рудный. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет техникалық мамандарды дайындау мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен бизнес-құрылымдарды ықпалдастығын орнатудың тиімді формасын дәйектеуі қажет. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қостанай облысының Рудный қаласында ашылған халықаралық еңбек форумында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бұл мәселеде мемлекет пен бизнес барлық деңгейде бірлесе шара қолдануы маңызды деп санаймын. Үкімет техникалық мамандарды дайындау мәселелері бойынша мемлекеттік органдар, әкімдіктер мен бизнес-құрылымдардың ықпалдастығын орнатудың тиімді формасын дәйектеуі қажет", - деді Н. Назарбаев. Мемлекет басшысының атап көрсетуінше, "мақсаттарды шешуде айрықша роль жергілікті атқарушы билікке тиесілі". "Жергілікті жерлердегі тауқыметтерді, өз өңірінің ахуалын, соның ішінде жастар ахуалын әкімдер жақсы біледі. Сол себепті кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін дамытуға, сапалы білім алу үшін жағдайлар жасауға күнделікті назар аудару қажет",- деді президент. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть