Үкімет заңды тұлғалар үшін мүлік салығының мөлшерлемесін 1,5% дейін төмендетуге келіседі - Кәрім Мәсімов
Астана. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет заңды тұлғалар үшін мүлік салығының мөлшерлемесін 1,5% дейін төмендетуге келіседі. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін парламентте өткен үкіметтік сағатта мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Депутаттармен ақылдаса келе үкімет заңды тұлғалар үшін мүлік салығының мөлшерлемесін 1,5% дейін төмендетуге келісті. Сонымен бірге жеке кәсіпкерлер үшін мүлік салығының мөлшерлемесін 0,5% деңгейінде қалдырмақпыз", -деді үкімет басшысы.
"Үкімет сонымен бірге депутаттардың ұсынысымен келісіп, Салық кодексінде инвестициялық салық преференцияларын экономиканың шикізаттан басқа барлық саласына қолдану туралы бөлім енгізуді ұйғарды", - деді премьер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін