Жарияланды: 490

Үкімет Жер кодексіне енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Астана. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет "Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Заң жобасының мақсаты - жер телімдерін мемлекеттік мұқтаждыққа деп тәркілеп алуға болатын төтенше жағдайлардың тізімін нақтылау", - деді заң жобасын үкіметтің отырысында таныстырған ҚР Жер қатынастарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары Каналбек Райымбеков. Заң жобасы сонымен бірге жер телімдерін мемлекеттік мұқтаждыққа деп тәркілеп алу және сатып алу процедурасын нақтылайды. "Түзетулер жер телімдері, қалалар мен облыстық және аудандық маңызы бар жер телімдері, ауылдық және ауылдық елдімекендік маңызы бар жер телімдері үшін төлем ставкасын белгілеу мәселесін нарықтық тетіктерді ескере отырып реттеуге бағытталған". Заң жобасында жер теліміне қатысты алыпсатарлыққа әсер ететін себептерді жоюға бағытталған нормалар бар. "Аталған шаралар мемлекеттік мұқтаждыққа деп жер телімдерін тәркілеп алуға қатысты жер қатынастарын реттеуді жөнге келтіруге, мемлекеттік мүддені қамтамасыз етуге және қоғамдық маңызы бар мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді", - деді К. Райымбеков. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін