Үкімет жер қойнауын пайдалану саласындағы келісім -шарттарын қайтадан қарамайды - үкімет басшысы
"Үкімет сабақтастық принципін сақтап, жер қойнауын пайдалану саласындағы келісім -шарттарын қайтадан қарамайды ",- деп мәлімдеді бүгін, 24-маусымда өткен үкімет отырысында премьер-министр Даниал Ахметов. |
Үкімет басшысы бұл жерде "мұнай операцияларын" меңзеп отырғанын баса айтты.
"Өз аумағында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырғысы келіп отырған бір де-бір мемлекет бұған дейін жүктеп алған міндеттемелерінен бас тартуға тиіс емес",- деді ол.
Үкімет басшысының пайымдауынша, еліміз болашақ перспективаға баса назар аударуы тиіс. "Қазақстан жағының мүддесін қорғау тиімділігі артып, еліміздің үлесі ұлғаюы қажет",- деп атап көрсетті премьер-министр. Д.Ахметовтың пайымдауынша мұндай қадамдар тез арада жасалуы тиіс және "оған біздің шамамыз жетеді",- деді ол.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін