Үкіметте Астана және Алматы қалаларында 2011 жылы VII қысқы Азия ойындарына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметте Астана және Алматы қалаларында 2011 жылы VII қысқы Азия ойындарына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті

Үкіметте Астана және Алматы қалаларында 2011 жылы VII қысқы Азия ойындарына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті

Астана. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен бүгін Астана және Алматы қалаларында 2011 жылы VII қысқы Азия ойындарына дайындық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 16 Шiлде 2008
  • 563
Фото - Caravan.kz

Ұйымдастыру комитетінің талқылауына Астана, Алматы қалаларынан және Алматы облысынан Азия ойындарына арналған объектілердің құрылысы мен қайта жаңарту үшін жер телімдерін бөлу және қаржыландыру мәселелері енгізілді.

Премьер-министр жергілікті бюджет есебінен Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт сарайын қайта жаңартуға және жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаражат бөлуді тапсырды.

Олимпиадалық дайындық орталығының (олимпиада қалашығы, баспасөз орталығы) объектілері бойынша жобалық-сматалық жұмыстарды жасау үшін ҚР Туризм және спорт министрлігіне 1 млрд теңге бөлінді.

Ұйымдастыру комитеті сондай-ақ, Алматы облысындағы шаңғы-биатлон трассасы мен шаңғы стадионының құрылысы үшін жер телімдерін бөлу мәселесін қарады.

К. Мәсімов Алматы қаласындағы шаңғымен секіру халықаралық кешеніне жол төсеу үшін жер телімін сатып алуды қамтамасыз етуді тапсырды.

Премьер-министр Алматының әкімдігіне баспасөз орталығын салу үшін жер телімін бөлуге тапсырма берді.

2011 жылы қысқы Азия ойындарын өткізу үшін анықталып отырған спорттық ғимараттардың жалпы саны 15 объектіні құрайды, оның 10-ын жаңадан салу көзделсе, ал 5-қайта жаңарту жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті