Үкіметте өткен кеңесте түрлі мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің атқарушылық тәртібі сынға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.59
  • 578.91
+27 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметте өткен кеңесте түрлі мемлекеттік мекеме  қызметкерлерінің атқарушылық тәртібі сынға алынды

Үкіметте өткен кеңесте түрлі мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің атқарушылық тәртібі сынға алынды

Бүгін, 25-маусымда Астанада ҚР үкімет басшысы кеңсесінің жетекшісі Алтай Тілеубердиннің төрағалығымен өткен үкіметтік кеңесте мемлекеттік мекемелер мен орталық үкімет аппаратының құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің атқарушылық тәртіп деңгейін арттыру мәселесі талқыланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Маусым 2004
  • 616
Фото - Caravan.kz

Кеңес барысында А.Тілеубердин кеңеске қатысушылардың назарын түрлі мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің атқарушылық тәртібінің жалпылама төмендеу ағымының белең алуына аударды. Оның айтуынша, бұл дайындалып жатқан құжаттар сапасының төмендеуі, қолданыстағы мемлекеттік және түрлі салалық даму бағдарламаларының жекелеген ережелерін, сондай-ақ, үкімет басшылығының кейбір тапсырмаларын дер кезінде орындамау арқылы көрініс беруде.

Бұған қоса, А.Тілеубердиннің айтуынша, мемлекеттік мекемелердің Елбасы мен үкімет басшылығының тапсырмаларын орындау жағдайына премьер-министр де қанағаттанарлық емес деген баға берді. Мәселен, соңғы үкімет отырысында министрліктер мен мекемелердің 2005-2007-жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру шараларын дәйектеу жөніндегі жұмыстарын Даниал Ахметовтың қатаң сынға алуы мысалға келтірілді.
Кеңсе жетекшісінің айтуынша, аталмыш кемшіліктерді жою үшін осы аптада үкімет басшысының «Бағдарламалық құжаттардың орындалуына қойылатын бақылауды күшейту шаралары туралы» өкім қабылдауы — мемлекеттік мекемелердің жұмысына берілген жаман бағаның бір айғағы болмақ.
Осыған байланысты мемлекеттік мекемелерге үкіметтің бағдарламалық құжаттарының жүзеге асырылуына қойылатын бақылауды күшейту шараларын қабылдау туралы тапсырма берілді. Бұл шаралар Елбасының, үкімет басшысының, оның орынбасарларының, сондай-ақ, үкімет басшысының кеңсесі төрағасының тапсырмаларын дер кезінде толыққанды жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс.
Алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған ең өзекті шаралар қатарында А.Тілеубердин талдамалық жұмыстарды күшейтуді, мекемеаралық үйлестіру деңгейін арттыру және үкімет басшысы кеңсесінің министрліктер мен жергілікті атқарушы билік органдарымен арадағы тиімді ықпалдастығын қамтамасыз етуді атады.
Кеңсе төрағасы сондай-ақ, үкімет аппараты қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін көтеру мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, аппарат қызметкерлері иемденіп отырған лауазымдарына лайықты болуға, өздерінің тікелей іс-қызметіне қатысты барлық өзгерістерден хабардар болуға тиіс.
Осыған байланысты министрліктер мен мекемелерге өз қызметкерлерінің біліктілік деңгейін көтеруге және оларды арнаулы оқыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға бағытталған жұмыстарды пәрмендендіру туралы тапсырма жүктелді.