Жарияланды: 510

Үкіметте шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес климатты жақсарту жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Астана. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағылығымен бүгін үкімет үйінде шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес климатты жақсарту жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, әділет министрі Зағипа Балиева отырысқа қатысушыларға кәсіпорындар мен жеке меншікті тіркеу кезінде әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі кәсіпкерлік бірлестіктер мен халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстар мен ұсынымдары жөнінде әзірленген нақты шараларды ұсынды. Отырыс барысында сондай-ақ Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың лицензиялау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру туралы есебі тыңдалды. "Атамекен одағы" Қазақстанның ұлттық экономикалық одағының төрағасы Азат Перуашев комиссия мүшелеріне жеке меншік кәсіпкерлік субьектілеріне тексеріс жүргізуді ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі ұсынысты білдірді. Ұсынылған барлық құжаттар пысықталуға және талқылауға жіберілді, сондай-ақ премьер-министрдің тапсырмасы бойынша комиссия мүшелеріне ағымдағы жылғы қыркүйектің ортасына дейін Қазақстандағы бизнес қызметін дамытуға ықпал ететін кейбір нормативтік-құқықтық актілерге қажетті өзгерістер мен түзетулерді енгізу жөнінде ұсыныстар пакетін әзірлеу міндеті жүктелді. ҚР үкіметінің жанынан құрылған ведомстовоаралық ақылдасу-кеңесші орган болып табылатын комиссия отырысының негізгі мақсаты мемлекет пен бизнес қоғамдастығы әзірлеген үйлескен ұстаным мен кәсіпкерлікті дамытуға қатысты әкімшілік кедергілерді төмендету жөніндегі шаралар болып табылады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін