Үкіметтің 2008 жылы басты мақсаттарының бірі - тұрғындарды еңбекпен тұрақты қамтамасыз ету болады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметтің 2008 жылы басты мақсаттарының бірі - тұрғындарды еңбекпен тұрақты қамтамасыз ету болады

Үкіметтің 2008 жылы басты мақсаттарының бірі - тұрғындарды еңбекпен тұрақты қамтамасыз ету болады

Астана. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Үкіметтің 2008 басты мақсаттарына тұрғындарды тұрақты еңбекпен қамтамасыз ету, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету болады. Бұл туралы бүгін үкіметтің селекторлық жиынында премьер-министр Кәрім Мәсімов баяндады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 8 Қаңтар 2008
  • 426
Фото - Caravan.kz

«Тұрғындарды тұрақты еңбекпен қамтамасыз ету және шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, 2008 жылы үкіметтің басты басымдықтарының бірі болады», — деді К. Мәсімов.

«Үкімет тарапынан мемлекеттік -жеке меншік серіктестік бағдарламасы іске асырылады, сол үшін бүгінде тиісті нормативтік-құқықтық базасы жетілдірілуде «, -деп атап өтті ол.

«Мемлекет пен жеке бизнес қолындағы ресурстарды біріктіру арқылы, елдің нақты экономикалық тұрақты дамуына қол жеткізіп, қомақты нәтижелерге қол жеткізе аламыз.

К. Мәсімов атап өткеніндей, үкімет тарапынан сондай-ақ, тұрғындар арасындағы әлеуметтік көмекке зәру болып отырған топты қорғауға бағытталған бірқатар шаралар дайындады. «Біз тепе- теңдік қаржы саясатын ұстану арқасында, тұрғындарды лайықты өмір сүру деңгейімен қамтамасыз етеміз», — деп қорытындылады өз ойын үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті