Үкіметтің жаңа құрамы Иманғали Тасмағамбетов үкіметінің тұсында қолға алынған жұмыстарды одан әрі жалғастырады -Д.Ахметов
"Үкіметтің жаңа құрамы Иманғали Тасмағамбетов үкіметінің тұсында қолға алынған жұмыстарды одан әрі жалғастырып, қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бар күшін салады". Бұл туралы бүгін, 13-маусымда үкімет басшысының орынтағына тағайындалғаннан кейін парламент депутаттарының алдында сөз сөйлеген Даниял Ахметов мәлімдеді. |
"Парламент пен үкімет арасындағы конструктивті мәміле ғана Қазақстанның дамуына қызмет етеді ",- деді ол. Ол сенім білдіргені үшін парламент депуттарына ризашылық білдіріп, өзіне жүктелген үмітті ақтауға уәде берді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін