Украин әскері мен сепаратистер атысып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украин әскері  мен  сепаратистер атысып жатыр

Украин әскері мен сепаратистер атысып жатыр

 Украинаның шығысындағы бейберекетсіздік күн өткен сайын күш алып жатыр. Бүгін әскерилер бүлікшілердің ордасына айналған Славянскте арнайы операциясын жалғастырды. Қалаға кіретін жолдарды бітеп, бекініс жасап алған сепаратистерге бүгін әуеден соққы жасалған. Ұрыс кезінде бүлікшілер 3 тікұшақты атып түсірді. Олардың да қатарында оққа ұшқандар бар.

  • 3 Мамыр 2014
  • 345
Фото - Caravan.kz

Славянкскдегі терроризмге қарсы күрес таң қылаң бере басталды. Әскерилер қалаға кіре беріс жолдарды жауып, бекініс жасағандардың көзін кезекпен құрта бастаған болатын. Дегенмен қарулы қарсылыққа тап болды.Бүлікшілер әскерилерге әуеден қолдау жасауға келген үш бірдей тікұшақты атып түсірген. Екі ұшқыш сол жерде жан тапсырса, біреуі ауыр жараланды. Тағы бірнеше сарбазға оқ тиген. Әзірге сепаратистер сапынан нақты қанша адам жоғалтқаны белгісіз. Десе де біреуі өліп, тағы біреуі жараланған деген ақпар бар.

— Держись капитан, держись!

Арнай жасақтың сарбазы:

 -Бүлікшілер құлаған тікұшаққа жақындап келді де, ішіндегі ұшқышқа тиіспеді. Тек қару-жарақтарын алып кетті. Ол тұрмақ өздерінің де жараланған әріптестерін қалдырып кетіп жатыр. 

Украина Қорғаныс министрінің мәліметіне қарағанда, Славянск пен Краматорск аймағындағы 9 бекет қазір әскерилердің қолына өтіпті. Бірақ ендігі қиындық қала тұрғындары тарапынан туындауы мүмкін. Өйткені ескертуге қарамастан жұрт орталық алаңға жиналып, әскерилерге қарсылық білдіруде.


Сескендірудің бір әдісі болса керек, сепаратистер бекетке жақындауға ниет еткен журналистерге де оқ атуды шығарды. Ал әзірге қала төбесін торуылдаған тікұшақтар жоғалып, атыс-шабыс уақытша тоқтап тұр. Сондай-ақ, кеше Украина президентінің міндетін уақытша атқарушы Александр Турчинов, елдегі 18-24 жас аралығындағы барлық азаматтарды әскер қатарына шақырған бұйрыққа қол қойды.