Украина билігінің іс-қимылдарына алаңдауға негіз жоқ – АҚШ Мемлекеттік департаменті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украина билігінің іс-қимылдарына алаңдауға негіз жоқ – АҚШ Мемлекеттік департаменті

Украина билігінің іс-қимылдарына алаңдауға негіз жоқ – АҚШ Мемлекеттік департаменті

"Украина билігінің шығыстағы сепаратистерге қарсы әскери операциясы біздің тарапымыздан алаңдаушылық тудырмайды".

  • 30 Мамыр 2014
  • 316
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаменті өкілі Дженнифер Псаки мәлім етті.

Журналистердің «украиндық әскерилердің іс-қимылы бейбіт тұрғындарға қауіп төндіріп жатқан жоқ па?» деген сұрағына ол: «Бұл біздің тарапымыздан алаңдаушылық тудырып отырған жоқ» деп жауап берді.

Дж.Псакидің айтуынша, өз аумағында тәртіп орнату үшін қандай шара қолданса да Киевтің еркі бар.

Украинаның шығысындағы оқиға туралы пікір білдірген Дж.Псаки азаматтық соғыс қаупі жоқ деп мәлімдеді. Өйткені, бір жағында украиндықтар, екінші жағында «Украинаға сырттан келген ресейлік сепаратистер» соғысып жатыр дейді ол.