Украина бірнеше адам опат болған автобустың атқылануын сепаратистерден көруде - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украина  бірнеше адам опат болған автобустың атқылануын  сепаратистерден көруде

Украина бірнеше адам опат болған автобустың атқылануын сепаратистерден көруде

Донецкде жолаушыларға лық толы автобус бораған оқтың астында қалып, 12 адам опат болды. Бұл желтоқсанда жарияланған бейбіт келісімнен кейінгі ең ірі қарулы шабуыл. Бейбіт тұрғындарға оқ сепаратистер жағынан атылды дейді Украина қарулы күштері.

  • 15 Қаңтар 2015
  • 202
Фото - Caravan.kz

Марқұмдардың арасында емізулі бала да бар. Сондай-ақ тағы 11 жолаушы өлім мен өмір арасында жатыр. Олар Волновахтағы орталық ауруханаға жеткізілген. Донецк прокуратурасы бұл шабуылды лаңкестік әрекет деп саралап, қылмыстық іс қозғады. Украина билігінің хабарлауынша, сепаратистер автобусты «Град» артиллериялық қондырғысымен көздеген. Жалпы саны қоғамдық көлікке 40 оқ дәл тиіпті. Соңғы күндері бұл аймақта қарулы қақтығыстар жиіледі. Екі жақтан бір тәулік ішінде 72 рет оқ атылған.