"Майданға шыққандар ЕО-пен қауымдастық туралы Келісімге жылдам қол қоюды сұрап отыр, үкімет те келісімге жылдам қол қоюды қолдайды, алайда біз Украина экономикасы үшін шығын барынша азайтылуға тиіс алғышарттар жасағымыз келеді. Біз Еурокомиссияға біздің өнеркәсіп пен экономикамыз қандай жағдайда жұмыс істейтіндігін қарауды ұсындық. Біз Украинаға қаржылық көмек беру мәселесін шешуді ұсынамыз. Шамамен 20 млрд еуро керек деп ойлап отырмыз", деді премьер сәрсенбіде үкіметтің отырысын ашқан кезде.
Н.Азаров атап өткендей, еуропалық бюджеттен бөлінуге тиіс бұл ақша тегін көмек емес, әңгіме Еуроодақтың бірлескен өз ара тиімді жобаларды инвестициялауға қатысуы жайында болып отыр.