Украина президенті Виктор Ющенконың Бакуге ресми сапары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украина президенті Виктор Ющенконың Бакуге ресми сапары басталды

Украина президенті Виктор Ющенконың Бакуге ресми сапары басталды

Баку. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Украина президенті Виктор Ющенконың Бакуге ресми сапары басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 1 Шiлде 2008
  • 430
Фото - Caravan.kz

Украинаның Әзербайжандағы елшілігінен хабарлағандай, сапар барысында В. Ющенконың өзінің әзербайжандық әріптесі Ильхам Алиевпен кездесуі және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізуі жоспарланған.

«Келіссөздер барысында екі ел арасындағы көптеген салалар, оның ішінде энергетика бойынша да ынтымақтастықты дамыту жайы талқыланады. Сонымен қатар, Украина президенті Бакуде Украина ақыны Тарас Шевченкоға ескерткіш орнату рәсіміне қатысып, Украина елшілігінің кешенін салу үшін бөлінген Бакудің Хатаин ауданындағы аумақты аралап көреді», — деп атап көрсетті дипломатиялық өкілдіктегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті