Бұл туралы Укарина премьері Арсений Яценюк мәлім етті.
«Біз Ресеймен өзара қарым-қатынас жөнінде келіссөздер жүргізгіміз келеді және Сыртқы істер министрлері мүмкіндігінше тез арада кездесуі тиіс деп ойлаймыз», — деді А.Яценюк сәрсенбі күні Киевте өткен инвестициялық конференцияда.
А.Яценюктың айтуынша, Украина Қырымның Ресейге қосылуын ешқашан мойындамайды. Дегенмен, «қос мемлекет арасында екі жақты сауда-саттық пен экономикаға қатысты талқылануы тиіс тақырыптар баршылық» дейді ол.
Сонымен қатар, РФ Украинаның тәуелсіздігін және Еуроодаққа енуге талпынып жатқанын мойындауы тиіс деді А.Яценюк.