Бекітілген жоспарға қарағанда, 7-мамыр күні Ұлы Отан соғысы тарихы ұлттық мұражайы аумағында Жеңіс күніне арналған салтанатты шаралар және мерекелік концерт өтпек. 8 мамыр күні Киевте Мәңгілік даңқ саябағында мәдени шара өткізу жоспарланған, ол "Бейбітшіліктің бірінші минуты" деп аталады, оған жастар мен жұртшылық өкілдері қатысады.
9 мамыр күні Киевте Данқ саябағында Белгісіз солдат зиратына гүл шоқтарын қою рәсімі өтпек.
Киевте София алаңында елдің басшылығының қатысуымен Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болғандарға арнап ғибадат етіледі.