Украинада аза тұту күні жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинада аза тұту күні жарияланды

Украинада аза тұту күні жарияланды

Украинада елде орын алған жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан қаза тапқан адамдарды еске алуға орай аза тұту күні жарияланды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

  • 20 Ақпан 2014
  • 458
Фото - Caravan.kz

Украина президенті Виктор Янукович өз жарлығымен «ел аумағындағы үйлер мен мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың ғимараттарының үстіндегі мемлекеттік туды төмен түсіруге», сондай-ақ ойын-сауықтарды, концерттерді, спорттық шараларды кейінге қалдыруға, теле- және радиобағдарламалар ретіне сәйкес өзгерістер енгізуге қаулы етті.

Мемлекет басшысы сондай-ақ осы қақтығыстар кезінде туған-туыстарынан айырылған жандарға көңіл айтып, қайғыларына ортақтығын білдірді. «Мен сөзіммен қайғыларыңыздың орнын толтыра алмайтынымды білемін, көңіл-күйлеріңізді түсінемін. Алайда, мен осы қиын сәттерде сіздердің менің қолдауымды және болған жайға өкініш білдіретінімді сезінгендеріңізді қалаймын», — деді ол.