«Михаил Пореченков Донецкіге келіп, Украина Қарулы күштеріне қарсы соғысқа қатысқан және автоматты қарудан оқ атқан. Барлық телеэкрандардан көрсетілген бұл кадрлар Ресей азаматының Украина аумағында қылмыс жасағанын дәлелдеп береді. Украина Қылмыстық кодексінде мұндай қылмыс жасағандарға 7 жылдан 12 жылға дейін жаза қарастырылған», — деп жазды Украина Ішкі істер министрі А.Аваков өзінің Фейсбук желісіндегі парақшасында.
«Бүгін тергеушілер сотқа шағымданбақ. Пореченковқа іздеу жарияланып, тұтқындауға санкция берілетініне сенімдімін. Іздеуге Интерполды қоспаса болмайды», — деп қосты министр.
Бұған дейін хабарланғандай, интернетте ресейлік актер М.Пореченковтың Донецкіде пулеметтен оқ атып жатқан сәттерін баяндайтын бейнеролик жарияланған болатын. Донецк республикасының билігі актердің аймақтағы соғысқа қатысқанына күмән келтіреді. «Интернетте пайда болған кадрлар – кино түсірілім болуы керек», — деп жұма күні ДХР бірінші вице-премьері Андрей Пургин.
