Украинада Донбасқа барудан бас тартқан тәртіп сақшылары жұмыстан қуылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинада Донбасқа барудан бас тартқан тәртіп сақшылары жұмыстан қуылып жатыр

Украинада Донбасқа барудан бас тартқан тәртіп сақшылары жұмыстан қуылып жатыр

Украинада елдің шығысындағы қарулы қақтығысқа барудан бас тартқан 500 тәртіп сақшысы жұмыстан қуылды - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

  • 9 Қаңтар 2015
  • 338
Фото - Caravan.kz


Харьков милициясы қызметкерлерінің жұмыстан жаппай босатылуы кезекті тазартуға емес, олардың шешіміне байланысты екенін жергілікті басшылар да растап отыр. Тәртіп сақшыларының барлығы Донбасстағы жағдайды тұрақтандыруға қатысудан бас тартыпты. Сондықтан антынан айнып, бұйрықты орындамаған қызметкерлерге орын жоқ дейді Ішкі істер министрлігінің басшылары.